Қазақстанда ҰБТ өткізу күндері өзгертілді

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу күндері өзгертілді. Бұл шешім соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. Ал 24 мамырға тіркелген талапкерлер үшін тестілеу 1 маусым күні өтеді.

Тестілеудің жаңартылған күні туралы талапкерлерге SMS-хабарлама жіберіледі.


Фото: kazaknews.kz

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter