Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Жаңалықтар 16-05-2025, 17:56 0

Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде мектеп түлектері үшін маңызды кезең Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл мектеп бітіретін оқушылардың жалпы саны 216 мыңға жуықтаса, олардың 85 пайыздан астамы тестілеуге қатысуға ниет білдірген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҰБТ тапсыру кезеңі 7 шілдеге дейін жалғасады. Бұл науқан – оқушылар үшін жоғары оқу орындарына түсуге арналған маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар білім сапасын бағалаудың негізгі тетігі.

Тестілеу барысында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Әрбір үміткер арнайы бақылау бекеттерінен өтіп, аудиторияға тыйым салынған құрылғылар – ұялы телефон, шпаргалка және басқа да гаджеттермен кіруге қатаң тыйым салынған. Бұл шаралар тестілеудің әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Тестілеу форматы биыл өзгеріссіз қалды:

Түлектер бес пәннен тест тапсырады;

Жалпы саны 140 сұрақ ұсынылады;

Жауап беруге 4 сағат уақыт бөлінеді.

ҰБТ қорытындысы бойынша жинаған ұпайлар абитуриенттердің жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін айқындайды. Сонымен қатар, грант иегерлерін анықтау кезінде негізгі көрсеткіш болып табылады.

Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз!


Фото: ҚР ҒжЖБМ

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады