2026 жыл – Халықаралық еріктілер жылы: Қазақстан дайындықты бастады

Өскемен 13-05-2025, 12:09 0

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен 2026 жыл Халықаралық еріктілер жылы деп жарияланды. Бұл бастама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы негізінде жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы 2020 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында сөйлеген сөзінде волонтерлікті халықаралық деңгейде қолдауға шақырып, арнайы жыл жариялау жөнінде ресми ұсыныс жасаған болатын. Президент еріктілік қызметін Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қоғамдық бастамалардың бірі ретінде қарастырады.

Аталған жаһандық бастама аясында елімізде кең көлемді дайындық жұмыстары басталып кетті. 2025 жылғы 12 мамырда Астана қаласында Халықаралық еріктілер жылын өткізуге дайындық мәселелеріне арналған Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы өтті.

Комитет отырысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және волонтерлік бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында алдағы іс-шаралардың бағыттары, ұлттық жоспарлар мен халықаралық серіктестік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар еріктіліктің тұрақты даму мақсаттарына қосар үлесі, жастар мен қоғам белсенділерін тарту тетіктері, сондай-ақ еріктілер қозғалысын қолдаудың жаңа жолдары ұсынылды.

Келер жылы өтетін Халықаралық еріктілер жылы аясында елімізде түрлі форматтағы форумдар, акциялар, оқыту бағдарламалары және халықаралық кездесулер ұйымдастырылмақ. Бұл шаралар Қазақстандағы еріктілер қозғалысына жаңа серпін беріп, оның ұлттық қана емес, жаһандық деңгейде дамуына жол ашады.

Сонымен қатар бастама аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және волонтерлік қызметтің болашақ басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік туады.


Фото: stock.adobe.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады