Ұлан ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Өскемен 6-05-2025, 11:54 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Ұлан ауданында да жалғасын тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған акцияның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін көтеру, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру. Ұлан ауданына қарасты Қасым Қайсенов кентінде өткен іс-шараға аудан тұрғындары, жастар және экобелсенділер белсене қатысты.

Акция барысында елді мекен аумақтары қоқыстан тазартылып, 1000-нан астам көшет отырғызылды. Сонымен қатар Бозанбай ауылдық округіндегі Сібе көлдерінің жағалауы абаттандырылып, экологиялық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Жалпы саны 130-ға жуық адам қатысқан шараға студенттер, оқушылар, еріктілер мен экологиялық ұйымдардың мүшелері белсене атсалысты. Әсіресе Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 30 студенті белсенділік танытты.

Сенбілікке қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, көлікпен толық қамтылып, жиналған қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар экологиялық жауапкершілікті қалыптастырып қана қоймай, тұрғындарды табиғатты қорғауға және туған өлкені бірге көркейтуге жұмылдырады.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады