Өскеменде ауылдың таза өніміне арналған үлкен жәрмеңке өтеді

Өскемен 18-06-2025, 15:36

27 маусым күні Өскемендегі Спорт сарайында өңірдің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлер бас қосады. Бұл күні мұнда «Бір ауыл – бір өнім» атты көрме-жәрмеңке өтеді. Шарада ауыл кәсіпкерлері өздері табиғи өнімдерден қолмен жасап шығарған ерекше бұйымдарын жұрт назарына ұсынады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Көрмеде қойылатын тауарлардың бәрі жергілікті шикізаттан жасалған. Бұл дегеніміз — экологиялық таза, сапалы әрі қолөнер мен ұлттық нақышты ұштастырған өнімдер болмақ.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы алғаш рет Жапонияда басталып, көп елде қолдау тапқан бастама. Қазақстанда бұл бағдарлама 2021 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жобаның басты мақсаты — ауыл кәсіпкерлеріне дем беру, олардың өнімін танымал етіп, кәсібін алға жылжытуға мүмкіндік беру.

— Кәсіпкер жергілікті ерекшелікті сақтап, өз ауылынан шыққан өнімді ұсынса, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бұл – қаржылай көмек, сертификаттау және жарнама жағынан сүйемелдеу деген сөз, — дейді көрмені ұйымдастырушылардың бірі, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілі Ринат Урасаев.

Биыл бұл жобаға 55 кәсіпкер өтінім берген. Әсіресе Күршім, Катонқарағай, Ұлан, Алтай аудандары мен Риддер қаласынан қатысуға ниеттілер көп. Көрменің соңында үздік кәсіпкерлер таңдалып, республикалық деңгейдегі жобаға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал финалға өткендер өз кәсібін дамыту үшін арнайы оқудан өтіп, қайтарымсыз грант ұтып ала алады.

Айтпақшы, былтыр дәл осы жобада облыстың үш кәсіпкері жеңімпаз атанып, 5 миллион теңгеден мемлекеттік грант алған болатын. Солардың бірі — бал өнімдерін өндіруші Ольга Ершова мен шыны бұйымдарын жасайтын шебер Людмила Евженкова.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар