Ауыл санағы — жаңа форматта: пошта мен статистика бірікті

2025 жылы өтетін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу аясында Ұлттық статистика бюросы мен «Қазпошта» АҚ өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес, еліміздің шалғай өңірлеріндегі халықты аралау кезеңінде пошта қызметкерлері интервьюер ретінде жұмылдырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Қазпошта» АҚ ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Турлубаев атап өткендей, бұл модельдің бірегейлігі — пошта қызметкерлеріне деген сенім мен оларды халықтың жақсы тануында.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, жалпы есепке 3500-ден астам интервьюер тартылады. Олардың бір бөлігі — өңірлердегі пошта қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы санағы Президенттің тапсырмасына сай 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен, 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.
Фото: qazpost.kz