Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышов мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Өскемен
21-05-2025, 10:26

Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Құттықтауында қала басшысы мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл мамандық иелері рухани құндылықтарды сақтап, халықтың мәдени деңгейін көтеруде, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты нығайтуда маңызды жұмыс атқарып келеді.
- Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер рухани құндылықтарды сақтап, қоғамның мәдени деңгейін көтеріп, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келесіздер. Өз істеріңізге деген шынайы сүйіспеншілік пен талмай еткен еңбектеріңіздің арқасында халқымыздың бай мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, елдің рухани дамуына жол ашылады. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілеймін! - делінген ресми хабарламада.