Жыл соңына дейін еліміздегі 134 гидротехникалық нысан тексеріледі

Өскемен 9-05-2025, 15:20 0

Осы жылдың соңына дейін еліміздегі 134 гидротехникалық құрылыс көпфакторлы тексеруден өтеді. Жалпы алғанда, 2028 жылдың соңына дейін осындай 557 нысанда кешенді тексеріс жүргізілмек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мен ұзақмерзімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.
Вице-министр Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, жаңа Су кодексіне сәйкес гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеріс жүргізуге міндетті.

– Жүргізілген тексеріс нәтижесінде әр нысан бойынша қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі тиіс. Бұл шаралар гидротехникалық құрылыстардың сенімділігін арттырып, ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді, – деді Ерболат Ибрайханов.

Министрліктің дерегінше, былтыр елдің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстары жүргізілген. Бұл бастапқы жоспарланған көрсеткіштен артық орындалып, гидротехникалық құрылыстардың жағдайын жақсартуға септігін тигізді.
Осы жылдың соңына дейінгі тексеріс жұмыстары еліміздің су қауіпсіздігін нығайтып, гидротехникалық нысандардың беріктігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрлік тарапынан алдағы уақытта да басты назарда болмақ.

Фото: istockphoto.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады