Құрылтай сайлауы - өте маңызды қадам
Облыс орталығында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының «САЙЛАУ 2026: Өңірлер жаңа саяси құрылымда» тақырыбындағы отырысы өтті. Шара да өңірлердің жаңа саяси құрылымда дамуы айтылып, алдағы Құрылтай сайлауы да тақырыпқа негіз болды. Шарада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Құрылтай сайлауы жайлы пікір білдірді.
-Бүгінгі отырыста алдағы сайлау науқанын зерттейміз. Құрылтай сайлауы-өте маңызды қадам. 23 шілде күні үгіт-насихат кезеңі басталды. Бір ай бойы қазақстандықтар жеті партияның бағдарламасымен танысады. Біздің институтымыз зерттеулерді ұйымдастырады ,-дейді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов.
Айта кету керек, елімізде 23 тамыз күні алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Сайлауға 546 кандидат, 7 саяси партия бақ сынайды. Сайлау нәтижесінде, 145 депутаттан тұратын Құрылтай сайланады.
