«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

Өз кәсібіңізді ашқыңыз немесе кеңейткіңіз келе ме? «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерін қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды. Жылдық 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит.  Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындарына арналған.

Қаржыландыру шарттары: сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%; кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін (60 ай); жеке кәсіпкерлер үшін микрокредит сомасы – 10 812 500 теңгеге дейін; ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін микрокредит сомасы – 34 600 000 теңгеге дейін.

Қаржыландыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: қызмет көрсету саласы; өндіріс; қоғамдық тамақтандыру; жөндеу шеберханалары; тұрмыстық қызмет көрсету; туризм; ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлері.

Бағдарламаға қатысу және кеңес алу үшін төмендегі мекемелерге жүгініңіз: аудан және қала әкімдіктеріне – тұрғылықты жеріңіз бойынша; Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1. «Атамекен МҚҰ» ЖШС Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27. «Ертіс» ӘКК Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter