#Жаңалықтар / Шығыс Қазақстан
Құрылтай сайлауы- саяси партиялардың күресі
Сегодня, 09:30
ШҚО-да «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының «САЙЛАУ 2026: Өңірлер жаңа саяси құрылымда» тақырыбындағы отырысы өтті. Шара да өңірлердің жаңа саяси құрылымда дамуы айтылып, алдағы Құрылтай сайлауы да тақырыпқа негіз болды. Аталған шараға арнайы келген саясаттанушы, Л.В.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма-мүшесі, проректор Индира Рыстина өз пікірін ортаға салып, Құрылтай сайлауы жайлы ой бөлісті.
- Жалпы, елімізде Құрылтай сайлауы алғаш рет өтіп жатыр. Алайда, осыған дейінгі сайлаулардан ерекшелігі- толыққанды пропорационалды жүйе арқылы сайланып жатқан саяси партиялардың күресі. Сондықтан, осының барлығын сарапшы ретінде талқылап, қоғамға қалай жеткізу керек екенін талдаймыз,-деді саясаттанушы Индира Рыстина
Сондай-ақ, саясаттанушы Құрылтай сайлауының партиялар арасындағы күрес екенін айта өтіп, қоғамдағы өзгерістерді Конституциялық реформа негізінде талдау қажеттігін атап өтті.
- Мәселен, кейбір азаматтар әлі де білмейді. Қандай да бір жеке кандидаттарға дауыс береміз деп ойлайды. Осы сарапшылық тұрғыдан мақсатымыз- қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді Конституциялық реформаның негізінде талдау,- дейді саясаттанушы Индира Рыстина.
Айта кету керек, елімізде 23 тамыз күні алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Сайлауға 546 кандидат, 7 саяси партия бақ сынайды. Сайлау нәтижесінде, 145 депутаттан тұратын Құрылтай сайланады.
