«Жасыл ұрпақ: Қазақстан флорасы» – табиғатты аялауға үндейтін жарқын жаз!

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының балаларды сауықтыру орталықтары мен жазғы лагерьлерінде табиғатқа деген сүйіспеншілікті, шығармашылықты және танымға деген қызығушылықты ұштастырған экологиялық іс-шаралар өтті.


Жаз – тек демалып, жаңа достар табатын кезең ғана емес, туған өлкенің табиғатын жақынырақ танып, оның сұлулығын сезініп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды үйренуге тамаша мүмкіндік.


«Синегорье»,«Жігер», «Дарын» «Алау», Күршім ауданындағы «Балдәурен», Ұлан ауданындағы «Болашақ», «Царская долина», «Балақай» жазғы лагерлерде балаларды түрлі экологиялық және шығармашылық белсенділіктер күтті.


Бір жерде балалар Қазақстанның таңғажайып өсімдіктер әлемімен танысып, табиғи материалдардан түрлі композициялар жасаса, енді бір жерде «ЭкоКвиз», экологиялық ойындар мен танымдық бағдарламаларға қатысты.


Балалар сурет салып, ЭКОколлаждар жасап, табиғи материалдардан бұйымдар құрастырды, тастарды бояп, қарапайым бүрлерден қиял-ғажайып кейіпкерлер жасады.


«Жігер» лагерінде Оқу-зерттеу экобиоцентрімен бірлесіп ұйымдастырылған экологиялық квест ерекше қызықты өтті. Балалар тақырыптық алаңдарда флористикамен айналысып, «Көбелек-шкатулка» шеберлік сағатына, экологиялық ойындарға, шығармашылық шеберханаға және тасқа сурет салу жұмыстарына қатысты.


Ал «Алау» лагеріндегі «Экодесант» балаларды пайдалы іске біріктіріп, олар аумақты тазалау және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысты.


Ойынға, шығармашылыққа, жаңа жаңалықтарға және көтеріңкі көңіл-күйге толы мазмұнды да қызықты жазғы күндер осылайша ерекше әсермен өтті!


Ең бастысы – балалар экологиялық білім туралы жай ғана тыңдап қоймай, ойын, шығармашылық және бірлескен іс арқылы сезініп, тәжірибеден өткізді. Олар қарапайым дүниелердің өзінен әсемдік көре білуді үйреніп, Қазақстанның өсімдіктер әлемі туралы білімдерін толықтырды және табиғатқа қамқорлық әрқайсымыздан басталатынын түсінді.


«Жасыл ұрпақ» – бүгін табиғатты сүйіп, аялауды үйреніп жүрген, ертең еліміздің болашағын қалыптастыратын балалар.


#ТазаҚазақстан #ЖасылҰрпақ #ҚазақстанФлорасы #ШҚО #ЭкологиялықТәрбие #БалаларДемалысы #ТабиғаттыАялайық #ТазаҚазақстан


Бөлісу: Facebook Telegram Twitter