Өскеменде «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңы өтті

 

Өскеменде «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңының «Сайлау-2026: Жаңа саяси құрылымдағы өңірлік даму» тақырыбындағы отырысы өтті.
 
Шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Жиынға Астана, Өскемен, Семей және Павлодар қалаларынан келген сарапшылар, саясаттанушылар, заңгерлер, ғылыми қауымдастық өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өңірдің Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
 
Кездесу барысында жаңа саяси құрылымның өңірлік дамуға ықпалы, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, азаматтық қоғамның рөлі, қоғамдық диалог және сайлау үдерісінің өзекті мәселелері талқыланды.
 
– Бүгінгі сараптамалық алаңға тек Өскеменнен ғана емес, Астана, Семей мен Павлодардан да сарапшылар қатысып отыр. Бұл алаңда жаңа саяси құрылымның өңірлік дамуға ықпалы мен сайлау үдерісінің маңызды мәселелерін талқылаймыз, – дейді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов.
 
Сараптамалық алаң аясында қатысушылар өңірлік саясатты жетілдіру, азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын арттыру және алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter