#Шығыс Қазақстан
Конституция мектепте тегін оқу туралы не дейді?
Сегодня, 16:12
Қазақстан азаматтары мемлекеттік мектепте орта білімді тегін алуға құқылы. Бұл кепілдік Конституцияның 33-бабында бекітілген. Ол бірінші сыныптан бастап жоғары сыныптарға дейінгі оқуды қамтиды.
Конституция бойынша бастауыш және негізгі орта білім алу міндетті. Оқушы негізгі орта білімді аяқтаған соң мемлекеттік мектептің жоғары сыныптарында оқуын жалғастырса, отбасы оның оқуы үшін ақы төлемейді.
Ата-ана баласына жекеменшік мектеп те таңдай алады. Мұндай мектепте ақылы білім беру тәртібі заңмен реттеледі. Ал білім беру стандарты барлық мектепке ортақ. Оны қаладағы да, ауылдағы да, мемлекеттік те, жекеменшік те мектеп сақтауға тиіс.
