Еңбек пен демалыс құқығы – жаңа Конституциядағы маңызды кепілдіктердің бірі

Адам өмірінде еңбек пен демалыстың өзіндік орны бар. Әр азаматтың мамандығын еркін таңдап, қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуі және тынығуға уақыт бөлуі маңызды. Бұл құқықтар Қазақстанның жаңа Конституциясында да көрініс тапқан.

Ата Заңның 27-бабында әр адамның еңбек етуге, қызмет түрі мен кәсіпті еркін таңдауға құқығы бекітілген. Сонымен бірге мемлекет еңбек қауіпсіздігі мен гигиена талаптарына сай жағдай жасауға, еңбекақыны кемсітусіз төлеуге және заңға сәйкес әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Конституцияда еңбек қатынастарына қатысты тағы бір маңызды норма бар. Онда азаматтардың жеке және ұжымдық еңбек дауларын заңда белгіленген тәсілдермен шешу құқығы танылған. Бұл қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келіспеушіліктерді құқықтық тәртіппен реттеуге негіз болады.Бұдан

 бөлек, демалыс құқығы да заңмен кепілдендірілген. Жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыс және мереке күндері, ақы төленетін еңбек демалысы заңнамада белгіленген тәртіппен реттеледі.

Осылайша, жаңа Конституция еңбек ету мүмкіндігімен қатар, қызметкерлердің қауіпсіздігіне, еңбекақысына және тынығу құқығына да назар аударады. Бұл нормалар еңбек қатынастарындағы негізгі құқықтар мен кепілдіктердің конституциялық негізін айқындайды.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter