#Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан облысында №49 мектеп ұжымымен референдум мәселесі талқыланды
4-03-2026, 14:37
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Бүлбүл Жомартовна Өскемен қаласындағы №49 орта мектепке арнайы барып, педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында 15 наурызда өтетін республикалық референдум мәселесі кеңінен талқыланды. Жиында алдағы маңызды саяси науқанның ел дамуы үшін маңыздылығы, азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруы және қоғамдық жауапкершілік тақырыптары жан-жақты сөз болды.
Педагогтер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар референдумға қатысты маңызды ақпараттар алды.
