ШҚО тұрғындарына чек үшін ақша қайтарылады: «Salyq кэшбэк» жобасы қайта басталды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 15 наурыздан бастап «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының қайта іске қосылғанын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл жоба микро және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-кассалық машиналар (ККМ) арқылы берілген фискалдық чектер бойынша азаматтарға ақшалай сыйақы төлеуге бағытталған.
«Salyq кэшбэк» жобасына кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін:
Тауар немесе қызмет үшін төлем жасағанда фискалдық чек алу;
«Amian» мобильді қосымшасы арқылы чектегі штрих-кодты сканерлеу;
Сатып алу сомасының 2% мөлшерінде ақшалай сыйақы алу қажет.
Сыйақыны есептеу және төлеу «it Analytics» ЖШС операторы арқылы «Amian» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
«Amian» қосымшасын App Store және Google Play платформаларынан тегін жүктеуге болады.
Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды тұтынушы ретіндегі құқықтарын қорғауға, чекті талап етіп, әрбір сатып алуды ресми тіркеуге шақырады.
Фото: gov.kz