Шетелдік IT-мамандар ШҚО-дағы IT-community дамуына қалай ықпал етуде

Осындай өзара ынтымақтастықтың маңызды мысалдарының бірі — Kow Xing Yu Katherine-нің қызметі. Ол — шетелдік IT-маман және Қазақстан-Американдық еркін университетінің (ҚАЕУ) академиялық алмасу бағдарламасының студенті. Қазіргі уақытта ол Oskemen Hub базасында бірқатар білім беру шеберлік сабақтарын өткізіп, қатысушыларды цифрлық шешімдерді әзірлеудің және IT-жобаларды құрудың заманауи тәсілдерімен таныстыруда, сондай-ақ халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасауда.


Білім беру бағдарламасы «Building a Personal Portfolio Website» тақырыбына арналған және жеке цифрлық жобаларды әзірлеу, портфолио құрылымын қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби нәтижелерді цифрлық ортада ұсыну бойынша тәжірибелік дағдыларды дамытуға бағытталған.


Аталған бастаманы жүзеге асыруға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Industrial AI» құзыреттілік орталығының жетекшісі Руслан Қайратұлы Четтыкбаев маңызды үлес қосып, жобаны ұйымдастыру мен қолдауға белсенді қатысты.


Осындай бастамаларды жүзеге асыру өңірдегі студенттер мен жас IT-мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, халықаралық тәжірибеге, әлемдік өзекті практикаларға және заманауи технологиялық тәсілдерге қол жеткізуге жағдай жасайды.


Oskemen Hub, Қазақстан-Американдық еркін университеті және IT-community өкілдері арасындағы ынтымақтастық өңірлік технологиялық экожүйені нығайтуға, цифрлық мәдениетті дамытуға және инновациялар саласында кәсіби дамуға ұмтылатын жас мамандарды қолдауға ықпал етеді.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter