ШҚО тұрғындары «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясына қатыса алады

Өскемен 7-05-2025, 12:48

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 3 сәуірден бастап республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясының жалғасып жатқанын айтты,  деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл акция – тұтынушылардың құқықтық сауатын арттырып, көлеңкелі экономиканың алдын алуға бағытталған бастама. Науқанға еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Ол үшін сатып алынған тауар, көрсетілген қызмет немесе жұмыс үшін онлайн бақылау-кассалық машиналар (ККМ) арқылы берілген фискалдық чектерді «Amian» мобильді қосымшасы арқылы тіркеу қажет.

Қатысушылар арасында түрлі ақшалай және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Акцияға тек фискалдық деректерді беру функциясы бар чектер ғана қабылданады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара азаматтардың тұтынушы ретіндегі жауапкершілігін күшейтіп, әрбір төлемнің ресми түрде рәсімделуіне ықпал етеді.

«Amian» қосымшасын App Store және Play Market платформаларынан тегін жүктеуге болады.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар