Алаяқтардан сақтаныңыз: Зейнетақы қорынан қауіпсіздік кеңестері

Жаңалықтар 12-06-2025, 16:12

Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) «Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары» атты «Ашық есік күні» өтті. Бұл шара еліміздің барлық өңірінде онлайн форматта ұйымдастырылды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Мақсат – соңғы кезде көбейіп кеткен алаяқтық әрекеттердің алдын алу және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру.

Алаяқтар қалай әрекет етеді?

БЖЗҚ өкілдерінің айтуынша, алаяқтар көбіне интернеттегі ашық деректерді пайдаланады. Олар әлеуметтік желілерден немесе хабарландыру сайттарынан азаматтардың жеке мәліметтерін жинап алады. Кейін телефон шалып немесе хабарлама жазып, өзін қор қызметкері ретінде таныстырып, зейнетақы қаражатына қол жеткізуді көздейді.

Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алыңыз, жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға бермеңіз. Қызмет ұсынған адамды міндетті түрде тексеріңіз.

БЖЗҚ ШҚО филиалының бөлім басшысы Мадина Зарлыққызы кездесуде зейнетақы жинақтарын қорғауға қатысты нақты мысалдар келтіріп, ресми қызмет пен жалған ұсыныстарды қалай ажыратуға болатынын түсіндірді.

Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, enpf.kz сайтындағы қызметтер, және жеке кеңес алу жолдары туралы ақпарат берілді.

Зейнетақы жинақтарыңыз туралы мәліметті мына тәсілдермен тегін ала аласыз:

www.enpf.kz ресми сайтынан

БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы

www.egov.kz электронды үкімет порталынан

БЖЗҚ-ның Facebook, Telegram, Instagram, ВКонтакте және X (Twitter) парақшаларынан

WhatsApp: +7 777 000 1418

Байланыс орталығы: 1418 (тегін)

Шетелдегі азаматтар үшін: +7 (727) 356-10-60 немесе сайттағы «Онлайн қоңырау шалу» қызметі арқылы

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар