Алаяқтарға алданбаудың жолы: мемлекеттік бағдарламалар туралы маңызды кеңес

Криминал / Қоғам 9-06-2025, 17:00

Қазақстанда соңғы уақытта тұрғын үй, несие, борышты өтеу немесе мемлекеттік бағдарламалар арқылы көмек көрсетеміз деген сылтаумен жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп отыр. Күдікті тұлғалар өзін делдал ретінде таныстырып, азаматтарға жеңілдетілген шартпен үй алып беру, несие рәсімдеу немесе мемлекеттік субсидия алып беру жөнінде уәде береді. Олар көбінесе «жедел рәсімдейміз», «мақұлдануына кепілдік береміз» деген сөздермен сенімге кіріп, алдын ала ақша талап етеді. Ақша алғаннан кейін хабарсыз кетеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Fingramota.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұндай жағдайлардан сақ болу үшін келесі кеңестерді ұсынады:

Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз. Мысалы, eGov.kz порталы, мемлекеттік мекемелердің ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі верификацияланған парақшалары.

Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз. Келісімшартсыз, ресми рәсімдеусіз ақша төлеу қауіпті.

Делдалдарға сенбеңіз. Әлеуметтік желілер мен хабарландырулар арқылы ұсынылатын қызметтердің көпшілігі – алаяқтық.

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Егер сізден «кезексіз қызмет» үшін ақша сұраса, ол заңсыз.

Туыстарыңыз бен жақындарыңызды, әсіресе зейнеткерлерді ескертіңіз. Олар алаяқтарға жиі алданып жатады.

Күдік туындаса, 1414 нөміріне немесе құқық қорғау органдарына бірден хабарласыңыз.

Алаяқтар көбіне азаматтардың мемлекетке деген сенімі мен қаржылық қиындық кезіндегі әлсіздігін пайдаланады. Сондықтан әр ақпаратты тексеріп, заңды негізде әрекет етіңіз.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар