#Жаңалықтар / Өскемен
Ринад Ахметжанов өңірді дамытудың 5 жылдық жоспарын ұсынды
9-11-2026, 12:00
Қаланың бюджеті қайда жұмсалып жатыр және неге кейбір аулалар ондаған жыл бойы жөндеу көрмейді? Бұл сұрақтар көпшілікті толғандырады. «Әділет» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ринад Ахметжанов тұрғындармен кездесуінде қалалық инфрақұрылымды дамытудың жаңа, ашық форматын ұсынды. Оның негізгі қағидасы – мәселені халықтың өзімен бірге шешу.
Үміткер қала басшылығының назарынан тыс қалып келген түйіткілдерді тек тұрғындармен тікелей байланыс орнату арқылы ғана анықтауға болатынын алға тартты.
«Басты мәселе - осы ауданымыздың білмей жатқан мәселелері бар шығар. Сондықтан соны білу үшін осылай азаматтармен кездесіп жатырмыз. Ауланы абаттандыру, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, асфальттау деген секілді барлық мәселелер өзіміздің қаланың құзырындағы шаруалар. Осыны сіздермен шешіп, жыл сайын жоспарлап отырсақ, 5 жылдың көлемінде бірігіп үлкен жетістікке жетеміз деген үміттемін», - деді Ринад Ахметжанов.
«Әділет» партиясының өкілі әрбір тұрғын өз ауласы мен көшесінің тағдырына тікелей араласуы тиіс деп санайды. Бұл бағыттағы 5 жылдық нақты іс-қимыл жоспары қаланың ескірген инфрақұрылымын толықтай жаңартуға негіз болмақ.



