#Жаңалықтар / Өскемен
Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өтті
Вчера, 18:49
Бүгін 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өтті.
Отырыс барысында алдағы сайлау науқанына дайындық пен оны өткізуге байланысты ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.
Комиссияның жұмысы сайлау процесінің заңдылығын, ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы талаптарының сақталуына бағытталған.
Алдағы уақытта сайлауды заңнамада белгіленген мерзімдерде өткізуге дайындық бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады.
