#Жаңалықтар / Шығыс Қазақстан / Заң мен тәртіп
«Заң мен тәртіп»: «Қауіпсіз орта» профилактикалық рейді өткізілді
Сегодня, 10:58
Өскемен қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Қауіпсіз орта» профилактикалық рейді ұйымдастырылды.
Рейд барысында жастар мен қала тұрғындарына еңбек құқықтарын қорғау, еңбек шартын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу және кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру тәртібі туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың еңбек құқықтары туралы хабардарлығын арттыру, заңсыз еңбек қатынастарының алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру.
