Қазақстанда жеке меншік пен кәсіпкерлік қызметке заңмен кепілдік беріледі
Қазақстан Республикасында азаматтардың мүліктік құқықтары заңмен қорғалады. Жеке меншікке қол сұғылмауы, мұрагерлік құқықтың сақталуы және кәсіпкерлік қызмет еркіндігі Конституцияда бекітілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабының 1-тармағына сәйкес, азаматтар заңды түрде алған кез келген мүлкіне жеке меншік құқығына ие. Ал 2-тармақта меншік пен мұрагерлік құқыққа заңмен кепілдік берілетіні көрсетілген.
Сонымен қатар, Конституцияның 29-бабының 3-тармағында сот шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайтыны белгіленген. Заңда көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға оның тең құны өтелген кезде ғана жол беріледі.
Бұдан бөлек, аталған баптың 4-тармағы азаматтардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне және өз мүлкін заңды кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалану құқығына кепілдік береді. Сонымен бірге монополистік қызмет заңмен реттеледі немесе шектеледі, ал жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
Осылайша, Конституцияның 29-бабы азаматтардың меншік құқығын қорғауға, кәсіпкерлік бастаманы қолдауға және мүліктік қатынастарда заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабының 1–4-тармақтары.
