«Шығыс Салбурыны-2026» халықаралық фестивалі басталды

 

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында, Бүркіт төбенің етегінде «Шығыс Салбурыны-2026» VI мерейтойлық халықаралық фестивалі басталды. Ұлттық құсбегілік өнерін дәріптейтін шара биыл алғаш рет Азия кубогі мәртебесінде ұйымдастырылып отыр.
 
Фестивальге Қазақстан, Ресей, Венгрия, Испания, Грузия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиядан келген құсбегілер қатысуда. Олар бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгімен бақ сынайды.
 
Бүгін фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, іріктеу кезеңі басталды. Қатысушылар қыран құстарды қолға шақыру, бүркітті шырғаға салу, сондай-ақ құстарды кептер мен далбайға салу бойынша өз шеберліктерін көрсетуде.
 
Жарыстың негізгі кезеңі ертең өтеді. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, марапатталады. Сонымен қатар көрермендерді тартысты бәсеке мен мерекелік концерт күтеді.
#ШығысСалбурыны2026 #ШҚО #ВКО #КубокАзии #УланскийРайон #Бозанбай #Беркутчи #НациональныйСпорт #КазахскиеТрадиции #Салбурын
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter