Қазақстанда заң мен сот алдында барлығы тең

Қазақстан Республикасында әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары заңмен қорғалады. Азаматтардың құқықтық теңдігі және кемсітушілікке жол бермеу қағидаттары Конституцияның 16-бабында бекітілген.

Аталған баптың 1-тармағына сәйкес, заң мен сот алдында барлығы тең. Бұл қағида әрбір адамның заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттеріне тең дәрежеде ие болуын және сот төрелігі алдында тең қаралуын білдіреді.

Сонымен қатар, 16-баптың 2-тармағында Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ ел аумағында тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де себептерге байланысты кемсітуге жол берілмейтіні көрсетілген.

Осылайша, Конституцияның 16-бабы әрбір адамның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге және кемсітушіліктің алдын алуға бағытталған. Бұл қағидаларды сақтау — әділетті қоғам қалыптастырудың және адам құқықтарын қорғаудың маңызды негізі.

Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабы, 1 және 2-тармақтары.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter