Ұлан ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
Усть-Каменогорск / ВКО / Казахстан
26-04-2025, 09:40

Ұлан ауданына қарасты Тарғын ауылдық округінің І. Айтықов ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, 100-ден астам адам бірлесіп еңбек етті. Сенбілік барысында ауыл ішіндегі көшелер тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, электр бағаналары мен аялдамалар сырланды. Тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника тартылып, нәтижесінде 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Аталған шара елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға септігін тигізіп қана қоймай, тұрғындар арасында қоғамдық белсенділік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосты.