Тарбағатай ауданында 3 мың түп ағаш көшеті отырғызылды
Тарбағатай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 3 000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Олардың ішінде 800 түп қайың, 800 түп терек, 500 түп алма, 200 түп қарағаш, 200 түп шие және 340 түп шырша ағаштары бар.

Көшеттер Ақжар ауылынан Жаңалық ауылына шығатын жол бойына, сондай-ақ ауыл ішіндегі көшелерге, қоғамдық орындарға және тұрғын үйлердің маңына отырғызылды. Бұл шара ауданның экологиялық жағдайын жақсартып, көгалдандыруға үлкен үлес қосты.
Ағаш отырғызу жұмысына аудан көлеміндегі мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері және ауыл жастары белсене қатысты.
Тал егу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жасыл желек – қоршаған ортаның ажары мен байлығы. Сондықтан ағаш отырғызу дәстүрін жалғастырып, әр көктем сайын табиғатқа өз үлесімізді қосуға шақырады.