Жылу жүйесін жаңғырту: Өскеменде ірі энергетикалық жобалар бастау алды

Усть-Каменогорск / ВКО / Казахстан 26-04-2025, 09:19

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Өскемендегі энергетика саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі – «Өскемен ЖЭО» ЖШС нысанында болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Өскемендегі энергетика саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі – «Өскемен ЖЭО» ЖШС нысанында болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен жылу электр орталығы - облыстың ғана емес, тұтас өңірді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етудегі тірек кәсіпорын. Қаладағы тұтынушылардың 80 пайыздан астамын үздіксіз жылумен қамтып отырған бұл станция өндірістік алыптардың да тұрақты жұмыс істеуіне серпін беріп отыр.
Сапар барысында Қанат Алдабергенұлы кәсіпорынның құрылымдық ерекшеліктерімен, өндірістік технологиялық үдерістермен танысып, өткен жылыту маусымының қорытындылары және алдағы жоспарлар туралы ақпарат алды. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі энергетика саласындағы жүйелі жұмыстар барысын тарқатты.

- Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту мақсатында, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу арқылы станцияны ауқымды жаңғырту қолға алынуда. Атап айтқанда, №13 турбиналық агрегат пен №16 қазандық агрегатын салу көзделген, - деді «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов. - Сонымен қатар, қолданыстағы күл үйіндісінің толуына байланысты, жаңа күл-қож жирау орнын жасақтау және 140 бас бу құбырларын жаңартудың бесінші, шешуші кезеңі жүзеге асырылмақ.

Биыл тоғыз қазандық агрегатын және сегіз турбиналық агрегатты күрделі жөндеу көзделіп отыр. 2025 жылы жаңғырту және құрылыс жұмыстарына барлығы 17,6 миллиард теңге көлемінде инвестиция бағытталмақ. Оның ішінде 7,5 миллиард теңге - Энергетика министрлігі бекіткен «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясындағы арнайы инвестициялық бағдарлама бойынша бөлінбек.

Жүзеге асырылатын бұл жобалар станцияның техникалық тозу деңгейін төмендетуге, өндірістің сенімділігін арттыруға және өңір тұрғындары мен кәсіпорындарының энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Поделиться
0

Комментарии

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Новости ВКО

В Восточном Казахстане начался селеопасный период
Аким Восточно-Казахстанской области: семьям погибших рабочих в Улкен Нарыне будет оказана всесторонняя помощь и поддержка
Аким Восточно-Казахстанской области: семьям погибших рабочих в Улкен Нарыне будет оказана всесторонняя помощь и поддержка
На месте трагедии в районе Улкен Нарын находится аким ВКО

Новости Казахстана

В Казахстане сократилось число уголовных экологический правонарушений
В Казахстане пройдет конкурс для журналистов «Мемлекеттік тіл және БАҚ
Как Казахстан отдохнет на Курбан-айт
Казахстан планирует провести 40 международных спортивных турниров до конца 2025 года

Мировые новости

Сазгер Талғат Әбішев: – Африкалықтар домбыраны тез меңгеріп алды
Трамваи временно не ходят: с 25 по 27 апреля движение заменят автобусы