ҚР Премьер-министрінің орынбасары: Өрт қаупіне қарсы дайындықты күшейту керек

Усть-Каменогорск / ВКО / Казахстан 26-04-2025, 09:16

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық мекемеаралық бірегей ситуациялық орталықта болып, өңірдің су тасқыны қаупі мен өрт қауіпсіздігі жағдайлары туралы есеп тыңдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық мекемеаралық бірегей ситуациялық орталықта болып, өңірдің су тасқыны қаупі мен өрт қауіпсіздігі жағдайлары туралы есеп тыңдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта облыста су тасқыны қаупі сейіліп, күннің күрт жылынуына байланысты өрт қаупі күшейіп отыр. Бұл туралы ШҚО ТЖД бастығы Рашид Билялов баяндама жасады.

– Жыл басынан бері 11 өрт ошағы анықталды. Барлық өрт оқиғалары дер кезінде ауыздықталды. Қазіргі таңда 1500 адамнан тұратын күштік құрылым мен 306 бірлік техника дайын тұр. Аудиовизуалды бақылау жүргізуге 12 ұшқышсыз ұшу аппараты дайын. Облыс бойынша 22 мобильдік топ құрылды. Олардың құрамына азаматтық қорғаныс, полиция қызметі, орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдардан 140-тан астам адам кірді. Мобильдік топтар 64 рейд жүргізіп, 32 әкімшілік жауапкершілікке тарту фактісі тіркелді, – деді Рашид Билялов.

Қанат Алдабергенұлы ТЖД техникаларының тозу деңгейі туралы сұрақ қойды. Департамент басшысы техникалардың 78%-ы тозғанын, жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен 80 бірлік техника жаңартылғанын мәлімдеді.

Тілсіз жаудың ең қауіпті түрі – орман өрті. Бұл бағыттағы дайындық жұмыстарын ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Амиров таныстырды.

– Жыл басынан бері мемлекеттік орман қорында 4 өрт оқиғасы тіркелді. Орман қорында әуеден патрульдік бақылау қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда жеке құрамда 1181 адам, 196 техника бірлігі, 3 мыңнан астам құрал-жабдық және 6 дрон бар. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 3,9 млрд теңгеге 110 техника мен 26 дрон сатып алу жоспарланған, – деді Мерхат Мүслімханұлы.

ШҚО бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының директоры Ләззат Болатқан су тасқыны қаупінің екінші кезеңі тұрақты өткенін айтты.

– Қазір барлық аудандарда қар толық еріді. Тек Марқакөл ауданында 2 сантиметр қар қалған. Үшінші кезең мамыр ортасы мен маусым басында өтеді. Биыл жағдай бірқалыпты. Су тасқыны қаупі сейілді. Дегенмен, мамыр-маусым айларында температураның жоғары болуына байланысты өрт қаупі сақталады, – деді Ләззат Сарқытханқызы.

Сонымен қатар, Қанат Алдабергенұлына су тасқыны қаупін болжау жүйесі таныстырылды. ШҚО мұрағат және цифрландыру басқармасының бағдарламалық қамтамасыз ету менеджері Шоқан Ілияс цифрлы жүйенің жұмысын таныстырды.

– Жүйе үш бағытта ақпарат береді: ШҚО су қорлары мен өзендердің ағымдағы деңгейі, су тасқынының алдын алу шаралары және төтенше жағдайлар ықтималдығы. Барлық мәліметтер карта түрінде онлайн ұсынылады, бұл облыс пен аудан аумағындағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді, – деді Шоқан Ілияс.

Қанат Бозымбаев жүйенің мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар сұрақ қойып, жауап алды. Ол су тасқыны ахуалының бірқалыпты екенін, бірақ алдын алу шараларын жалғастыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, өрт қаупінің жоғары екенін ескертіп, дайындық жұмыстарын күшейту туралы тапсырмалар берді.

Поделиться
0

Комментарии

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Новости ВКО

В Восточном Казахстане начался селеопасный период
Аким Восточно-Казахстанской области: семьям погибших рабочих в Улкен Нарыне будет оказана всесторонняя помощь и поддержка
Аким Восточно-Казахстанской области: семьям погибших рабочих в Улкен Нарыне будет оказана всесторонняя помощь и поддержка
На месте трагедии в районе Улкен Нарын находится аким ВКО

Новости Казахстана

В Казахстане сократилось число уголовных экологический правонарушений
В Казахстане пройдет конкурс для журналистов «Мемлекеттік тіл және БАҚ
Как Казахстан отдохнет на Курбан-айт
Казахстан планирует провести 40 международных спортивных турниров до конца 2025 года

Мировые новости

Сазгер Талғат Әбішев: – Африкалықтар домбыраны тез меңгеріп алды
Трамваи временно не ходят: с 25 по 27 апреля движение заменят автобусы