Францияда бірнеше түрмеге шабуыл жасалды

Новости / Главная 16-04-2025, 02:04

Францияда бірнеше түрмеге белгісіз топтар шабуыл жасады. Атап айтқанда, бірқатар түзеу мекемелерінде автокөліктер өртеліп, кейбіріне автоматпен оқ атылған. Ел билігі бұл әрекеттерді терроризммен байланысты деп есептеп, тергеуді терроризмге қарсы ұлттық прокуратураға тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Францияның Әділет министрі Жеральд Дарманен шабуылдарды растап, оларды биліктің есірткі трафигіне қарсы күресіне жауап ретінде жасалған қорқыту әрекеттері деп атады. Министрдің айтуынша, Тулондағы түрме маңында қарулы шабуыл болған.

Франция Республикасының алдында есірткінің заңсыз айналымы мәселесі тұр. Біз қылмыстық топтарды түбегейлі әлсірететін шаралар қабылдап жатырмыз, – деді ол.

Ал Ішкі істер министрі Бруно Ретайо жергілікті билікке түрме қызметкерлерін қорғау шараларын шұғыл күшейтуді тапсырды.

Мемлекеттің жауабы қатал болуы тиіс. Түрмелер мен олардың қызметкерлеріне шабуылдағандар сол мекемелерге жабылып, дәл сол қызметкерлердің бақылауында болуы керек, – деді министр.

БАҚ-тағы деректерге сүйенсек, барлығы жеті түрмеге шабуыл жасалған. Олардың бесеуі елдің оңтүстігінде (Тулон, Экс-ан-Прованс, Марсель, Валанс және Нимес), ал екеуі Париж маңында (Виллепинт және Нантерде) орналасқан.

Поделиться
0

Комментарии

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Новости ВКО

В Восточном Казахстане начался селеопасный период
Аким Восточно-Казахстанской области: семьям погибших рабочих в Улкен Нарыне будет оказана всесторонняя помощь и поддержка
Аким Восточно-Казахстанской области: семьям погибших рабочих в Улкен Нарыне будет оказана всесторонняя помощь и поддержка
На месте трагедии в районе Улкен Нарын находится аким ВКО

Новости Казахстана

В Казахстане сократилось число уголовных экологический правонарушений
В Казахстане пройдет конкурс для журналистов «Мемлекеттік тіл және БАҚ
Как Казахстан отдохнет на Курбан-айт
Казахстан планирует провести 40 международных спортивных турниров до конца 2025 года

Мировые новости

Сазгер Талғат Әбішев: – Африкалықтар домбыраны тез меңгеріп алды
Трамваи временно не ходят: с 25 по 27 апреля движение заменят автобусы