"Үйде жалғыз қалғанда-2": фильм режиссері Трамп түскен эпизодты қиып тастағысы келеді
Новости / Главная
16-04-2025, 02:02
Америкалық режиссер Крис Коламбус "Үйде жалғыз қалғанда-2" фильмінен Дональд Трамптың эпизодын қиып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы режиссердің The Guardian басылымына берген сұхбатында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Коламбустың айтуынша, АҚШ президентінің фильмде бой көрсетуі өзі үшін «қарғысқа» айналған. Алайда режиссер бұл қадамға бара қалса, АҚШ көшбасшысының реакциясы қандай болатынына алаңдайтынын жасырмады.
Егер мен оны фильмнен алып тастасам, мені елден қуып шығуы мүмкін. Мені Америка Құрама Штаттарында өмір сүруге жарамсыз деп есептейтіндер табылар, – деді режиссер басылымға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Трамп 1992 жылы шыққан "Үйде жалғыз қалғанда-2: Нью-Йоркта жоғалған" фильмінде қысқа эпизодта пайда болады. Бұл көрініс Нью-Йорктегі әйгілі Plaza қонақүйінде түсірілген, сол кезде бұл ғимарат Трамптың меншігінде болған.