Катонқарағайда Өрел орта мектебінің ұжымымен кездесу өтті


Катонқарағай ауданында аудандық мәслихат төрағасы Б. Болаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Қызыр Өрел орта мектебінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің мазмұнына тоқталып, конституциялық реформалардың ел дамуына, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға тигізетін ықпалы туралы пікір алмасты.

Жиын еркін форматта өтіп, мектеп ұжымы өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды. Басқосу ел болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған мазмұнды диалог алаңына айналды.

Поделиться: Facebook Telegram Twitter