Алтай қаласында медицина қызметкерлерімен референдум мәселесі талқыланды


Алтай қаласында жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды талқылау мақсатында медицина саласының өкілдерімен кездесу өтті. Денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлерімен өткен ашық диалогқа Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж. Асқарова мен аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Гречушникова қатысты.

Кездесу барысында референдумның негізгі ережелері мен оның өткізілу тәртібі түсіндіріліп, елдің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығы кеңінен айтылды. Медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж. Асқарова алдағы референдум әрбір тұрғын үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Референдум – әр азаматтың өз ұстанымын білдіруіне және елдің одан әрі дамуына үлес қосуына берілетін мүмкіндік. Біз өмір сүріп, еңбек етіп жатқан болашақ – өз белсенділігіміз бен азаматтық жауапкершілігімізге байланысты, – деді ол.

Өз кезегінде аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Гречушникова медицина қауымдастығының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

– Денсаулық сақтау қызметкерлері әрдайым қоғам сеніміне ие. Сіздердің әрқайсыларыңыз азаматтық міндеттеріңізді атқарып қана қоймай, әріптестеріңіз бен пациенттеріңізге алдағы референдум туралы нақты әрі сенімді ақпарат жеткізуде маңызды буын боласыздар, – деді мәслихат төрағасы.

Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар оның мазмұнды әрі өзекті болғанын атап өтті.

Поделиться: Facebook Telegram Twitter