Катонқарағай ауданында Әжелер алқасы жаңа Конституция жобасын талқылады


Катонқарағай ауданында Аудандық әжелер алқасының кезекті отырысында Жаңа Конституция жобасы жан-жақты сараланды. Кездесу барысында алқа мүшелері құжаттың негізгі бағыттарын талдап, оның қоғам өміріндегі орны мен ел болашағына ықпалын кеңінен ортаға салды.

Әжелер алқасы төрайымының орынбасары Д. Нұриева Конституция – елдің берік іргетасы, құқық пен тәртіптің кепілі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заң – мемлекеттің тұрақтылығы мен бірлігін айқындайтын басты құндылық.

Жиын соңында қатысушылар ел ертеңі үшін маңызды құжатқа бейжай қарамай, әр азаматтың белсенді азаматтық ұстаным танытуы қажеттігін жеткізді. Олар қоғамның даму жолында әрбір пікір мен әрбір қадамның маңызы зор екенін ерекше атап өтті.

Поделиться: Facebook Telegram Twitter