Зайсанда әуежай ұжымымен Конституциялық реформа мәселесі талқыланды
Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Ерланұлы Зайсан әуежайының ұжымымен кездесті. Басқосудың басты мақсаты – Жаңа Конституциялық жоба мазмұнын түсіндіру және алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысудың маңызын жеткізу болды.
Кездесу барысында Ермек Ерланұлы Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызына кеңінен тоқталып, мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыру бағытындағы бастамаларды атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, халықтың басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Сондай-ақ әрбір азаматтың референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы – ел болашағына бейжай қарамайтынын білдіретін маңызды қадам екені ерекше айтылды. Белсенді азаматтық ұстаным ғана қоғамның тұрақты дамуына және саяси жүйенің жаңаруына серпін беретіні баса назарға алынды.
