Глубокое ауданында конституциялық өзгерістер талқыланды



Глубокое ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Р. Әділбаева Глубокое ауылының ардагерлерімен мазмұнды кездесу өткізді.


Кездесу барысында ел өміріне және қоғам болашағына елеулі әсер етуі мүмкін өзекті конституциялық өзгерістер жан-жақты талқыланды. Қатысушылар ұсынылып отырған түзетулердің негізгі тұстарына тоқталып, олардың мемлекет дамуы үшін маңызын кеңінен саралады.


Жиын барысында ардагерлер өз ой-пікірлерін білдіріп, елдік мәселелер төңірегінде еркін пікір алмасты. Басқосу өзара түсіністік пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған ашық диалог алаңына айналды.

Поделиться: Facebook Telegram Twitter