Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы — ел дамуының маңызды негізі
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу құқығын бекітеді. Бұл құқық сайлау мен референдумдарға қатысумен ғана шектелмейді.
Азаматтар мемлекеттік органдарға жеке және ұжымдық өтініш жолдау, қоғамдық талқылауларға қатысу және жергілікті бастамаларды қолдау арқылы өз өңірінің дамуына ықпал ете алады.
Әсіресе жергілікті деңгейдегі қоғамдық белсенділіктің маңызы зор. Елді мекендерді абаттандыру, инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері азаматтардың тікелей қатысуын қажет етеді.
Мәслихаттар жергілікті халықтың мүддесін білдіріп, аумақтарды дамыту бағдарламалары мен бюджеттерді бекітуге, олардың орындалуын бақылауға қатысады.
Осылайша, Конституцияда бекітілген азаматтық қатысу тетіктері қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға, ашық диалог пен ортақ жауапкершілікті дамытуға мүмкіндік береді.
#АтаЗаң #АзаматтықБелсенділік #ҚоғамдықДиалог
