Қазақстан Конституциясында сот төрелігі мен құқық қорғау тетіктерінің негіздері айқындалды
Қазақстан Республикасының Конституциясында сот төрелігін жүзеге асыру, судьялардың тәуелсіздігі, прокуратураның қадағалау қызметі және адам құқықтарын қорғау тетіктері белгіленген.
Конституцияның 76–83-баптарында сот билігінің негізгі қағидаттары, соттардың өкілеттігі мен судьялардың тәуелсіздігі бекітілген. Ал 84-бап прокуратураның заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау жүргізу, мемлекет мүддесін сотта білдіру және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру қызметін айқындайды.
Сонымен қатар, 85-бапта Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, 86-бапта адвокатураның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі көрсетілген.
Аталған нормалар заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және әділ сот төрелігін жүзеге асыруға бағытталған.
