2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ерназ Нұрланұлы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық статистика бюросы Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы мәлімдеді. 
 
2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында бірқатар оң өзгерістер тіркелді. Ауыл шаруашылығы, бөлшек сауда, құрылыс жұмыстары және негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсуі байқалды. 2025 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 трлн. 346 млрд. 770,6 млн. теңгені құрады. 
 
Өнеркәсіп өндірісінің индексі 95,0% деңгейінде қалыптасты. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 556,4 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,0% болды. Мал шаруашылығы 4,4%-ға өссе, өсімдік шаруашылығында аздаған төмендеу тіркелді. Облыс ет өндіру бойынша республикада төртінші, сүт өндіруден бесінші орында. 
 
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1 трлн. 402,5 мрд. теңгені құрады және 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда қолданыстағы бағалармен 9,8%, салыстырмалы бағалармен 0,6% артты. Көтерме сауда тауар айналымы салыстырмалы бағалармен 20,9% артты. 
 
Жолаушы айналымы 7,1%-ға артқанымен, жүк айналымының төмендеуі байқалды. Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 112,4% болды. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқы 718,9 мың адамды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда халық саны 5022 адамға азайды. 
 
Жұмыссыздық деңгейі 4,6% шамасында қалыптасты. Жалпы алғанда, жекелеген салаларда өсім тіркелгенімен, кейбір бағыттарда төмендеу байқалады. 
 
Дегенмен өңір экономикасы тұрақты даму үрдісін сақтап отыр.
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter