Зайсанда Ата Заңға енгізілетін өзгерістер кеңінен талқыланды

 
Зайсан өңірінде ел болашағына бағытталған маңызды қадам – Конституциялық реформа жобасын таныстыру және оның мәнін көпшілікке түсіндіру мақсатында мазмұнды кездесу өтті.
 
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы З. Дүйсенбаева «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен жүздесіп, Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің өзегіне тоқталды. Ол реформаның басты бағыты – қоғам сұранысына жауап беру, азаматтардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейту және ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашу екенін атап өтті.
 
Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің әр тармағы таразыланып, олардың әлеуметтік маңызы мен болашаққа ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Еркін форматта өрбіген жүздесу барысында қызметкерлер өз ой-пікірлерін білдіріп, сауалдарына нақты жауап алды.
 
Осындай мазмұнды кездесулер елдік мәселелерге деген жауапкершілікті арттырып, Ата Заңның мәнін терең түсінуге жол ашады.
Бөлісу: Facebook Telegram Twitter