Омбы облысының делегациясы Өскемендегі «Восток-Молоко» зауытында болды

Омбы облысы үкіметі төрағасының орынбасары Андрей Шпиленкомен бастаған ресейлік делегация Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары аясында Өскемен қаласындағы «Восток-Молоко» корпорациясының зауытында болып, кәсіпорынның өндірістік процесімен танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Экскурсия барысында қонақтар зауыттың толық өндірістік тізбегімен танысып, өнімдердің дәмін татып көрді және зауыт басшылығымен бірқатар маңызды мәселелерді, оның ішінде Омбы облысы аумағында осындай кәсіпорын ашу мүмкіндігін талқылады.
Ол сондай-ақ, Омбы облысы өз аумағында осындай кәсіпорын ашуға мүдделі екенін және егер «Восток-Молоко» корпорациясы өз бизнесін әртараптандыруды және кеңейтуді көздесе, қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Сапар соңында делегаттар зауыт өнімдерін тағы бір мәрте сынап көріп, жоғары баға берді.
Фото/видео: Евгений Щетников