Экспортқа жол ашылды: Вице-министр Өскемендегі зертхана жұмысымен танысты

Өскемен 1-05-2025, 09:36 0

Шығыс Қазақстан облысында салалық бағыттағы ауқымды шара – «Шығыс Агрофорумы» өтті. Форум аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин аймақтағы маңызды ғылыми және өндірістік нысандарға барды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Вице-министр Өскемен қаласындағы Жаңа Согра кентінде орналасқан Республикалық ветеринариялық зертхананың жұмысымен танысты. Мал шаруашылығының дамуы тікелей ветеринариямен байланысты. Бұл – азық-түлік пен биологиялық қауіпсіздіктің кепілі.

– Үкіметтің Қытаймен жасасқан келісімі бар. Біз зертхана ғимаратын толықтай дайын еттік. Қытай мамандары арнайы құрал-жабдықтар орнатты. Сертификат алған соң бұл зертханадан алынған қорытындылар Қытайда жарамды болады. Бұл – экспортқа бағытталған өндірушілер үшін үлкен мүмкіндік, – деді вице-министр.

«Шығыс Агрофорум» облыста он жылдан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ауыл шаруашылығы саласының жетекшілері мен шаруа қожалықтарының басын қосқан жиында өзекті мәселелер мен ұсыныстар ортаға салынды.

– Он жылдан бері бас қоспадық. Бұл – алқап жиыны емес, әкімдік қолдауымен ұйымдастырылған салмақты шара. Өнім өндірушілер мен қайта өңдеушілер бірігіп, нақты ұсыныстар айтып жатыр. Форум жылына екі рет – көктемде және қарашада дәстүрлі түрде өтетін болмақ, – деді «Восток-Молоко» корпорациясының директоры Асқар Сайлаубаев.

Сапар барысында вице-министр аталмыш корпорацияның роботтандырылған фермасы мен сүт өңдеу үрдісін де аралап көрді.


Фото: Жібек Нұрахмет

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады