Шемонаиха шаруа қожалықтарына жаңа серпін

Егіс науқаны басталып, диқан мен малшы ауылдары қайта жанданды. Ауыл маңындағы алқаптардың көркі мен берекесін «Шығыс Агрофорумы» еселей түсті.
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Шемонаиха ауданындағы бірнеше шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.
Фермалардың құрылысы мен жұмысына 2,5%-дық мөлшерлемемен он жылға жеңілдетілген несие қарастырылған. Атап айтқанда, Шемонаиха ауданының Луговое ауылында орналасқан «Хамзин» шаруа қожалығы сүтті-тауарлы ферманы қайта құру жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба Солтүстік Қазақстан облысындағы үлгіге сүйенген.
Сапар барысында вице-министр Камышинское ауылына да барып, «Камышинское» шаруа қожалығының сүтті фермасы мен бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Ол жергілікті атқарушы органдар мен сүт өндірушілердің үйлесімді жұмысына оң бағасын берді.
Фото: Жібек Нұрахмет