Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады

Өскемен 16-05-2025, 18:06 0

Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан «Жігер» жазғы сауықтыру лагерінде биыл Өскемен қаласынан 1440 бала мен жасөспірім демалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында қаладағы жауапты мекемелер белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Соның бірі – өңірдегі танымал лагерьлердің бірі «Жігер». Жазғы маусым мұнда «Лето. Мир Великих Открытий» («Жаз – үлкен жаңалықтар әлемі») ұранымен өтеді.

7-ден 16 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама сегіз тақырыптық ауысымға бөлінген. Әр ауысымның өзіндік бағыты, атмосферасы мен тәрбиелік мақсаты бар. Күн сайын лагерьде таңертеңгі флешмобтар, танымдық сабақтар, байқаулар, спорттық жарыстар, табиғат аясындағы ойындар мен мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Тәлімгерлер балалардың қызығушылығын оятып, шығармашылығын дамытуға бағытталған мазмұнды іс-шаралар өткізеді.

- Бұл лагерь – тек тынығу орны емес. Ол оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға, көшбасшылық қасиетін дамытуға, өз-өзін танып, тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беретін кеңістікке айналды, – дейді ұйымдастырушылар.

«Жігер» лагері – Шығыс Қазақстанның көркем табиғаты аясында орналасқан. Соңғы жылдары мұнда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, отряд корпустары жаңартылған. Балаларға арналған ойын бөлмелері, Wi-Fi желісі, жаңа демалыс аймақтары, гигиеналық бөлмелер, душ, спорт алаңдары мен жеке жағажай қарастырылған.

Жазғы маусым барысында мұнда балалар тек демалып қоймай, рухани, зияткерлік және физикалық тұрғыда дамуға бағытталған мазмұнды бағдарламалармен қамтылады.


Дамир Омаров

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады