Тоқтаров көшесінде өткен той – туған елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі

Өскемен 8-05-2025, 12:55 0

Бүгін Риддер қаласында ерекше рухты, жүрекке жылу сыйлаған мерекелік шара өтті. Кеншілер қаласындағы Төлеген Тоқтаров көшесі бүгін халықпен толып, Отан үшін от кешкен батыр ұлдың есімін ұлықтаған жарқын тойға айналды.

Таңсәріден-ақ Төлеген Тоқтаров атындағы көрікті көшеге жиналған қала тұрғындары мен қонақтары ән мен жыр төгілген думанды мерекенің куәсі болды. Қатысушылар батырдың балалық шағы, көрсеткен ерлігі жайлы тың деректер мен тарихи суреттер арқылы оның өмір жолымен танысты.

Мереке аясында Риддер қаласының жас кадеттері сап түзеп, салтанатты шерумен жүріп өтті. Бұдан соң қалалық мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары ұйымдастырған концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Ошақбаев мерекеге келгендердің белсенділігіне ризашылығын білдіріп, бұл шараның тек мәдени іс-шара ғана емес, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұрпақтың батыр бабаға тағзымының айқын белгісі екенін атап өтті.

– Бұл – бірліктің, тарихқа құрметтің және ортақ қуаныштың жарқын көрінісі. Тоқтаров көшесінде ұйымдастырылған мереке халықтың елге, жерге деген ықыласын айғақтады, – деді Ерболат Ошақбаев.

Шара соңы ұлттық тағамдар ұсынылған шағын жәрмеңке мен балаларға арналған ойын-сауықпен жалғасты.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады