#Жаңалықтар / Шығыс Қазақстан
Республика күні қарсаңында «Қазцинк» компаниясының қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсімі өтті
Вчера, 16:46
Ынтымақтастық туралы меморандум аясында осы тұрғын үйдегі бес пәтер дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне өтеусіз негізде беріледі. Бұл бастама күн сайын тұрғындардың денсаулығын сақтау жолында еңбек етіп жүрген медицина мамандарын қолдауға қосылған маңызды үлес болып табылады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету – азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және қаланың дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген мамандар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Жаңа қоныс иелерін қуанышты оқиғамен құттықтап, жаңа үйлерінде береке-бірлік, жайлылық пен бақыт тілейміз!

