Шығыс Қазақстан облысында жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Жыл басынан бері халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті азаматтарға 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның 16-ын зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі көрсетеді.

Көрсетілген қызметтердің басым бөлігін жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақыларды тағайындау, бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу, жерлеуге арналған біржолғы төлемдер, инфляция деңгейін ескере отырып зейнетақы жинақтары бойынша айырманы төлеу қызметтері құрады.

Мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында цифрлық сервистерді дамыту және пайдалану жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Есепті кезеңде 468 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілсе, 6 539 қызмет проактивті форматта рәсімделді. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтерді жедел әрі қолайлы түрде алуға мүмкіндік беріп отыр.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter