ШҚО-да медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде медициналық құжаттарды қолдан жасау фактілері анықталған жоқ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Наталья Литке мәлімдеді.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында мұндай фактілер тіркелмегенімен, еліміздің өзге өңірлерінде кездесіп отыр.

– Қазақстан бойынша мүгедектікті рәсімдеу кезінде медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау барысында медициналық құжаттарды қолдан жасаудың 167 фактісі анықталды. ШҚО-да мұндай жағдайлар болған жоқ, алайда басқа өңірлерде бар, - деді Наталья Литке.

Сондай-ақ ол мұндай заңбұзушылықтар туралы ақпараттың бірден құқық қорғау органдарына жолданып, тиісті тексеру жүргізілетінін атап өтті.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter